Сыр бермеді, міз бақпады. ~ Келіншек күліп, әрі оқыс таңданып: — Иә, Бұл ненің ақысы? — Саттар сес бермеді. Орындықтың орнына өзі состиып тұра қалып, келіншекке мәз- майрам ыржия қарады. С.Ел. ~ Сейтен қыл шылбырды білегіне батыра бұлқынып-бұлқынып түсті. «Япырмау, мынау дауыс кімдікі? Ожар ғой! Сорлы жүрек, бекер сес бермеген екенсің? Қап! Қап!» Ол аздан кейін өзінің жалғыз қалғанын аңғарды. І.Ес. ~ Іңірде шешесі – Зейнеп кеп, ағыл-тегіл жылаған дыбыспен, оятқысы, құшағына алғысы келіп, бас жағынан қозғап керіп еді, ояу жатқан Шоқан, қасақана қатты ұйықтаған боп, ешбір сес бермеді. С.Мұқ.
