Posted in

СӘБИ СЕЗІМ

Балалық, соны көңіл, уыздай жас сезім. ~ Соларға құлағын да қызыға түріп, көзін де қызыға тіккен Жандостың әсерленгіш сәби сезімін қатар келе жатқан әкесінің: — Балам, қалай, шаршадың ба? — деген дауысы бөлді. С.Мұқ. ~ Жым-жырттық басқан сәби сезімнің тұп-тұнық тайыз айдынына сол жұлдыздар тас лақтырып, темір қанат қиял-ойымның қауырсынын жетілдірді. Т.Бер. ~ Кешір мені, өз жаныңа кеш келем, Көкірегімнен сәби сезім өшпеген. Қ.Бұғ. ~ Осынау сәби сезімнің қайғысына масаттанғандай мен орнымнан ұшып тұрдым да, әжеме тіл қаттым: – Ал мені қалай үйлендірмексің? Б.Мом. ~ Қиналу емес, қайта соншалық риза боп, күнәсіз, пәк сәби сезімнің нұрын ажарынан байқатып, о дүниеге өзгеше момақан мінезбен аттанып кеткен. Т.Рыск.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *