1. Әлдебір істің аяқсыз қалып, соңы сұйы–лып, бәсең тартуы туралы. ~ Матайдың сөзінің басы таудай болса да, аяғы сиырқұйымшақтанып келіп қылдай болып кетті. М.Әу. ~ Енді міне, әуелде соншама сеніммен құлшына кіріскен істің өзі сиырқұйымшақтанып, мүлдем басқаша сипат алып бара жатқанын ол әбден түсін гендей. С.Ғабб. ~ Анада екі жақтың сөзін ұстаған Смайыл би басында соншалық, әділдік айтатын ата баласы болып кіріскен еді. Артынан сөзді сиыр құйымшақтатып аяғын жерге тигізбеді. С.Бег. ~ – Рас айтып отырсың ба? – деді Қилыбаев сенер – сенбесін білмей. – Алғаш келгенде бәрі де осылай әдемі сөйлеп, кейін сиыр құйымшақтанып, директордың шылауында кетуші еді. Қ.Жұм. ~ Сейфолла біраз құстарды қызықтаған соң әңгімеге құлақ тосты. Бала ұғымына ауыр хиқаят сиыр құйымшықтана келіп саятшылыққа кеп тірелген. Ө.Кәр. ~ Кеше кешке Әлия келіп кетті. Өзіңді біраз тосты… Жазда оқуға түсем дейді. Сабағын сұрап алғысы келді ме, қайдам!.. Сиыр құйымшақтап барып, сөз сабағын жігітке тастады. М.Қаб. 2. Бәсеңдеп барып, жіңішкерді, біржола жоқ болды. ~ Сәлден кейін сиырқұйымшақтанған жылқы ізі бірте-бірте тасқа сіңіп, жоқ болыпты. БАҚ.
