Жөн-жосықсыз, тоз-тоз болып, жан-жаққа тарап кетті; батары қосылмады, беркесі кетті. ~ Бұл шашыранды қуат қанша күшейгенмен, еш уақытта тұтаса алмайды, сондықтан жағдайы келген бір замандарда, (ондай жағдайдың тумауы мүмкін емес), қазақша айтқанда Англия «сиырдың бүйрегіндей бытырап кете барады, ал Россия, жылқының бүйрегіндей тұтастығынан танбайды. С.Мұқ. ~ Адам атаулының мінезі жүдә бірдей емес – түзуі де, шәлкесі де бар; іскері де, жалқау да бар; елгезегі де, шаба да бар; солардың бәрін жинақы ұстамасаң, жүдә сиырдың бүйрегіндей бытыратып аласың; ендеше, елдің ақысын жеме, бірақ тәртіпті қатаң ұста» дедім. С.Мұқ. ~ Суырдайын күн кешіп әркім ойлап өз басын, Тұлпарларды тұқыртып, тұғырлары озғасын, Бүйрегіндей сиырдың бөлшектенген бұл қазақ, Құмалақтай бытырап, қалай ғана тозбасын. М.Мақ. ~ Ошақтың үш бұтындай үшкіл, қазақ, Ел болып еңсе көтер, күш қыл, қазақ. Сиырдың бүйрегіндей бытырасаң, Қашанда көрер күнің мүшкіл, қазақ! Н,Айт. ~ «Өскеменнің пәлен жылын тойлаймыз» деген сөз әр он жыл сайын бір шығады. Осы әңгіменің шеті шықса болды, берекесі айрандай ұйып отырған қала жұрты сиырдың бүйрегіндей бөлектеніп шыға келеді. БАҚ.
