Әзерге денесін көтеріп жүрді, күш-қайратынан айрылды, зорға жүрді. ~ Соққандай жаңа ғана құйын-дауыл, Болып тұр ел тірлігі биыл да ауыр. Көктемде көтеремнен көтеріліп, Ілінген сіңірінен сиырлы ауыл. С.Тұрғ. ~ Ертең таңертең отандарыңа қайтыңдар. Сүкең де намысқа салып, сіңіріне ілініп жүр, мен білсем. М.Қаб. ~ Үй іші бозамық тарта күрк-күрк жөткірінген шал ұзақ киініп, тысқа шықпастан бұрын төр үйге басын сұққан. Сіңіріне ілінген басын қылтитты да қайта тартып әкете алмай аңтарылды да қалды. К.Жүн. ~ Қой, қызым, мені өйтіп қорқытпа, – деді Әбекең көңілденіп. – Сенің әкең соншалық сіңіріне ілініп жығыла кеткелі тұрған өлмелі шал ғой деп пе едің? Қ.Жұм. ~ Спенсер қария жайлы көп ойлайтындығымнан ғана осылай толқыған шығармын сірә. Шындығында сіңіріне ілінген қартқа ендігі тірліктің қажеті қанша. Дж.Сэл. ~ Е, Ақбөпе-ау, бір апаңа алдырып қалатын сіңіріне ілігіп өле алмай жүр деймісің. Жездеңді сынға салып көр, әлі де болат сындыратын қауқары болмаса, мүрдем кетсін. С.Жүн. ~ Әкесінің мұрны қоңқиып, көзі бақырайып, арыған аттай сіңіріне ілігіп қалыпты. Ө.Кәр.
