Жалғыз өзін. * Өрікті қадірлеп, ешкім еріп келмегені де қатындарға сөкетті көрінді. – Соқа басын сопитып қоя бергені несі!- деп тамсанысты… Ұрқия тоқалға шәй әперіп отырып, байқастады. Ж.Айм. ~ Ыдыхан соқа басы сопиып, жалғыз қалғандай күй кешті. «Қой, менің мұным не? Қайта осы құлындарымның бөлек-бөлек үй болғанын тілемеймін бе?» Өз-өзін қайрап, пендешілік кейпін жеңуге тырысты. Ә.Ыб. ~ Іші у ішкендей ашып, қасіреттен екі бүктетіліп қалады. Әсіресе, адасқан қаздай соқа басы сопиып жалғыз жүрген Мұқатайды көргенде, көз жасын тежеуге еркі жетпейді. Ә.Ыб.
