Posted in

СОҚЫР СЕЗІМ

Ақыл-ойға бағынудан қалған көңіл-күй; түйсіксіз ұстаным. ~ . Адам – шешуі жоқ жұмбақ. Шешуі деп атауға болатын болса, адамның шешуі жалғыз өлім. Осы ойлар Шолпанның жанында таспиқтай тізілген ретті болмаса да, оның жаны соқыр сезіммен осы ойларға өзі барып тірелген еді әм Шолпанның жүрек жарасын ешкімге сездірмеске тырысуының себебі осы еді. М.Жұм.~ Ең қара пиғылға, соқыр сезім, дүлей күшке тізгін берген, өздерін социал-демократ, социал-революционер деп атайтын солақай күштер жеңіске жетті. М.Мағ. ~ Жеті түнде жұлдыздармен жымдасып, Соқыр сезім көзді еріксіз байлаған. А.Сағ. ~ Толғанып тұруға мұрша жоқ, ол соқыр сезіммен жалт бұрылып үйді тасаланды. Т.Ахт. ~ Құлағының тесігіне дәрі кеткенде, шыбын жыбырлатқандай көрген ол болмашы ғана оянған қалпымен соқыр сезімнің ықпалы айдап, дәрі құйылған құлағын алақанымен бір қақты да, аунап түсіп жата берді. С.Мұқ. ~ Жердің сілкінгенін немесе күннің тұтылғанын тамашалағандай бір соқыр сезіммен ентелесіп, істің ақырын күтісті. Т.Әбд.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *