Надан адам не айтсаң да сене береді, білмегенге бәрі таң д.м. мәтел. ~ Өлгені тіріліп, өшкені жанғандай қуанып шуылдасты да қалды. "Соқыр тауыққа бәрі бидай", тек хат ішінде "Қамар – Ахмет" деген сөз болған соң-ақ, құдай берді, ақты-қарасын ақтару қайда… Шыдасын ба? С.Торы. ~ Аз білсе де, Хақ жолына адал, кейбір дүмше сияқты, «соқыр тауыққа бәрі бидай ғой» деп, бетін сипап, бергенді қалтасына тоғыта бермейді. Т.Сәу. ~ Соқыр тауыққа бәрі бидай. Көп сөз, бос керістің қайда барып, немен тынарын білмей, басы қатып, шекесі дыңылдап босағада отырған Боранқұлдың әр қандай топты жердің бәрінде басқалардан бойы озық, салауаты басым сүлейлі біреулердің болатындығынан хабары жоқ еді. Ғ.Біл.
