Барынша айқын, анық, кез-келген адамға ұғынықты. ~ Әр сөзі соқырға таяқ ұстатқандай, әр қимылында қажыған адамның кейпі жоқ: өлер адам өлді, енді өзгенің өміріне қауып төндірмей тұрғанда, сытылып кетпей тұрғанда ұстап алыңдар деді. Қ.Ысқ. ~ Өте дұрыс, көңілге қонымды-ақ етіп жазған екен. «Соқырға таяқ ұстатқандай-ақ» қып айтыпты ғой. Ж.Баб. ~ Бегей төбеге ұрғандай тағы тоқтап, тағы да ұзақ- ұзақ ойланып тұрды да: – Мен осы сұрағыңа қолма- қол, соқырға таяқ ұстатқандай жауап берейін, сосын қоясың ба? – деді. З.Қаб. ~ Ақыл- айланы Сталиннен үйреніп жатқаны – соқырға таяқ ұстатқандай, беп- белгілі. Т.Рыск.
