Оқыстан шыға келді, пайда болды, бой көрсетті. ~ Соны айтысып келе жатқанда, шөлейт жақ кезеңнен солаң етіп, төрт атты кісі шыға келді. Біреуі оқ бойы алдында, тымағын ажырайта киіпті. Артқы үшеуінің алдында – салақтап өңгерген үш семіз қой. Ж.Айм. * Солаң етіп қай жақтан шыға келгені белгісіз, сидам бойлы бір жігіт көлеңкедей қалқайып қасыма тұра қалды. Шашы, қасы қап-қара, шүңіт көз, аққұба, әдемі жігіт. Т.Сәу. ~ Олар елдеріне қайтып, арада бір жұма өтісімен Қаңтарбай солаң етіп төбе көрсетті. Ә.Ыб.
