Posted in

СОМ АЛТЫННЫҢ СЫНЫҒЫ

Шыққан тегі асыл д.м. ~ Ата тегі мұндағы – Орта жүздің ұлығы; Ана тегі ондағы – Өзен судың тұнығы. Екі асылдан қосылған Сом алтынның сынығы. Абай. ~ Сен сүйегі асыл тұқымның, туған жерін таппай тынбайтын тұлпардың тұяғысың. Сондай бір сом алтынның сынығы бола тұра, бұл қай тұралауың. Жағаласқан жауыңа көз жасыңды көрсеткенше көрге кір. Сүйекке таңба салма. С.Дос. ~ … түкті кеудесіне әйел суретінен жасалған алтын салпыншақ таққан, машина кілттерін салатын шығыршығының өзі Бостандық статуясының сымбатынан сылып жасалғандай – ол да сом алтынның сынығы. К.Мыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *