Қайраты мол, күшті, мығым. * Аты кержақ демесең, обалы кәне, шаруаның адамы. Анау аюдай дене, сом білек, күсті алақан тек еңбек үшін жаралған. Қ.Ысқ. ~ Сол бір сом білектер баяғы бесжылдықтар тұсындағыдай, жеңістердің соңғы жеті жылдығын да күн астына күмбез етіп көтерді. Х.Ерғ. ~ Бұл келгенде Төбелес ауылының соқталдай, сом білек жігіттері жұмысты еңсеріп, балшық толы қалыптарды тізілтіп тастапты. А.Жақс. ~ Сом білек, сұм айлаға қарсы қылар дәрмені сарқылып, мысы құрыды. Иліктіріп, мәжбүрлеп әкетіп барады. Н.Сам. ~ Бас пайдасы кірмейтін түсіне де, Ұлымын Амангелді сарбазының. Әбдірахман – сарбаз әкем сом білекті, Сардарға еріп соғыста ерлік етті. Көтеріліске қатысқан бастан-аяқ, Кісі еді батыл, қайсар, ер жүректі! Ж.Сом. ~ Не бір апай төс сом білек тақымкештердің қолын қарыстырып, қарсыласының атын шөкелеткені аздай-ақ, енді бұған Бейіс жар- масқан. Ө.Кәр.
