Өлер алдындағы ақтық қаракет, жан-дәрмен қарсылық. ~ Жә, Қайсардікі суға кеткен тал қармайдының кебі дейік. Қажыған, қалжыраған кәрі кеуденің соңғы тұяқ серпісі — жігіттіктің тәтті дәмін татып қалу арманының қаракеті. М.Сүн. ~ – Енді не істейді? Аяз мүйізді қысса, мүйіз тұқылды қысады. Өкімет шетелге төлеп жатқан айып ақшаның есесін қарауындағы халықтан қайырмағанда кімнен алады? Мұны жан тапсыру алдындағы соңғы тұяқ серпу, ышқыну деп ұғынуымыз керек. Қ.Жұм. ~ Көшпенділердің ен соңғы тұяқ серпуі Алтын Орда мен Жоңғар мемлекеті болды да, сонымен тынды… Қ.Жұм.
