Posted in

СОР БОЛЫП ЖАБЫСТЫ

Бәлеге ұрындырды, сорлатты. ~ Сәуленің шыдамы мұнан әріге жеткен жоқ. — Ертең өзіңе сор болып жабысып, ор болып қазылатын өтірікті не үшін айтып отырсың? – деп бірден сарт етті. Ә.Әб. «Қарғам, қаптаған делқұлылардың ортасында қайтіп қана жатыр екен? Соншама осындай санасына сызат түсетіндей не теперіш көрді? Ұлан басына пана емес, сор болып жабысқан-ау. Ә.Ыб. ~ Тегісекең айтқанында тұрды. Сайлаушылар дауысын ат ауыстырып мініп ауданға дер кезінде, уәделі уағында жеткізіп мерейі тасыса, ат зорықтырғыш алақұйын белсенді аталып жұрт алдында жаман пұшайман болған. Сол ат бұған сор болып жабысты. Қ.Жұм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *