Бақытсыздыққа ұшырады, басы бәлеге қалды, бейнетке тап болды. * Маңайды жын орнағандай қылды ғой! Мал, жанында билік қалды ма?.. Талай қыз мен сияқты соры қайнады ғой!.. Бірақ тап мендей болғаны жоқ шығар. Ж.Айм. * Жуандардың жылмаңдағанына мастансаңдар, кедейдің соры қайнағаны. Ж.Айм. ~ Әрекет қылмай дүниеде Жеткендер бар ма кемелге? Әзір бала байланды, Жастай соры қайнады, Жеткенше қашан дегенге. "Алпамыс б." * Енді, міне, соры қайнап, қаршадай күнінде, әке ұсталып айдауға кетсе, шеше мертігіп ауруға шалдықса – ол бейбақтың күні не болмақ?!.. С.Мұқ. * Мына сұлудан айрылма, тас кенедей жабыс, әйтпесе біреу сорыңды қайнатып қағып кетеді, – деді. О.Сәрс. * Түнге қалсаң, тау арасындағы шөп көмкеріп тастаған жалғыз аяқ соқпақтан адасып, соқыраңдап сорың қайнайды, тек астыңдағы атыңның жершілдігіне сенер едің. О.Бөк.
