Posted in

СӨЗ БАҚТЫ

Жел сөзге құлақ түрді, өсек-аяң аңдыды. ~ Орыссыз жерде топ болса, Шақырған кісі бармайды. Бітім қылыпбір кісі Адал малын алмайды. Қызығы кеткен ел бағып, Қисыны кеткен сөз бағып, Ендігі атқа мінгендер Күнде ертеңге талмайды. Бас қосылса арысқа, Кім шабады намысқа? Абай. ~ Соры қалың әкенің – кер бағып ұлы өседі, сөз бағып қызы өседі. Мақалмәтел. Сөз қадірін білу, жөн сөзді айыр білу мағынасында. ~ Өнердің ең алды – сөз өнері деп саналады. «Өнер алды қызыл тіл» деген қазақ мақалы бар. Мұны қазақ сөз баққан, сөз күйттеген халық болып, сөз қадірін білгендіктен айтқан. Алдыңғы өнердің бәрінің де қызметін шама қадарынша сөз өнері атқара алады. А.Байт. ~ Қазақ сөз баққан ел дей-міз де, сөзге қонақ беруді ұмытатынымыз жаман. А.Өм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *