Posted in

СӨЗ БОЛЫП ПА!

Айтуға да тұрмайды д.м. * Ие, ие, ол екеуміз университетте бірге оқып едік – ау. Төлжан журналистика факультетінде, ал мен… жә қойшы, менің қай факультетте оқығаным сөз болып па екен! С.Шайм. * – Жо-оқ, мен үшін қам жемей-ақ. Ел бар емес пе, күн көру деген де сөз болып па, – деп өтірік күлген болды. С.Жүн. * Сонымен, атты қайдан табамын? Осы да сөз болып па? Қазір бұрынғы жеке меншіктің заманы емес. Колхоз малы — менің малым. Б.Соқп. * – Мұның барып тұрған ақымақтық. Ранчоға бармақ өзінше. Сен тіпті атқа да міне алмайсың ғой. – Сол да сөз болып па?! Ат дегенің пәлендей қиын шаруа емес, оп-оңай үйренесің. Ф.Сэл. * – Сексен сегізінші жылы бес жүз мың киік қырылған! – деді Арпабаич, «тәйір-ай, сол да сөз болып па» дегендей нәумез үнмен. Т.Сәу. * Тәйірі, нағыз төңкерісшіге ол кезде түрме деген сөз болып па? Қуғынсүргін, қамау-қапас —күрескердің еншісі сияқты көрінетін. Қ.Жұм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *