Posted in

СӨЗ ҚОЗҒАДЫ (ҚОЗҒАЛДЫ)

Әлдебір тақырыпқа қатысты уәж айтылды, әңгіме болды. ~ Ас үйде отырып, бірталай сөз қозғады: Ағасының жылы біткенін, аға өлсе жеңге мұра екенін, жеңгесінің төркіні келіп кеткенін, әжесінің кәрілігін, жалғыздығын, шаруаның кемдігін, ағасынан жетім балалар қалғанын, жеңгесі кетсе, үй үйліктен қалатынын… сөйледі. Ж.Айм. ~ Тұяқ кеткеннен кейін етік жайынан сөз қозғалса, Шекер Тұяқты аузынан түсірмей: – Шегебай қайда?! Тұяқтың бір шанышқанына да тұрмайды, – деп мақтап жүретін болды. Ж.Айм. ~ Осылайша тым сыпайы сөзімен сені қуып шығып, мұрнының дәл астына тарс жабылып қалатын есіктер болады. Соның ар жағында сен туралы сөз қозғап, мәселе шешеді. Өмірде жаным сүймейтіннің бірі осы. Б.Соқ. ~ Бәйтен Хадишамен арадағы соңғы әңгімеден кейін: «Бәрі де түсінікті, бұдан кейін қайтадан сөз қозғап, бітімге шақырудың ешқандай мәні де, мағынасы да жоқ», – деп шешкен. Т.Әбд.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *