Сөз мәнісі, реті, ыңғайы. * Бір жап-жақсы әннің өлеңінде «мен сенің құдіретіңе түсінбедім» – деген жол бар. Сол туралы Әспет бір сөз орамында:» қандай аңғалдық! Түсінсе ол құдірет бола ма? Құдіреттің құдіреттілігі түсініксіздігі мен жұмбақтығында емес пе?.. Неліктен оған таңданып қамығады?» – деп еді. С.Шайм. * Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақ салты», «Қазақ қалпы», «Досыма хат», «Жиған-терген», «Тілек батам», «Жауға түскен жан сөзі», «Бақ» т.б. өлеңдерінің … ішкі сазы мен ой-өрнек, сөз орамы қазақ поэзиясына тән өзіндік жаңалық, ерекше өзгеріс әкелді. БАҚ
