1.Қызға, әйел балаға көңілін білдіріп, қолқа салды. ~ Қаламқас деген қыз болды, Көлей соған ынтығып, Сөз салды мен арқылы… Қыз – әйелдің сұлуы, Ішті өртейді күлуі. Мырзамызды ұнатпай, Қиын болды көнуі… Б.Майл. * Соны Жанқожаның үйінің дәл қасынан тауыпты да, алдымен сол қарындасы арқылы сол қызға сөз салыпты. Қ.Шабд. ~ Жасы отыздан жаңа асқан, ұзын бойлы, жар қабақ, өткір қоңыр көзді, аққұба жігіт күндердің күнінде сөз салса бұл не демек? Б.Тоғ. ~ Тоты өзіне сөз салғандардың ешқайсының тілегін мақұлдамады. Ү.Жәл. ~ Егер Мырзагүл мұның сөз салғанын жақтырмайтын болса, онда неге бірден тура айтпайды? Ш.Айт. 2. Ойын жеткізді, бұйымтайын айтты. ~ Жігіт мұңын үн қатпай, сыр бермей тыңдаған Абылғазы, Оралбай әңгімесінің аяғында азғана сөз салды. М.Әу. ~ Ел ел болсын дегендер, Елдің қамын жегендер Біріне бірі сөз салды. Аулақ үйге жиылды, Ортаға үстел қойылды, Дереу мәжіліс басталды. М.Жұм. ~ Ол үшін ел ұлтаны боп саналатын төрт Шөменнің бұрын аты шыққан игі жақсыларына сөз салу қажет. Б.Алд.
