Біреулердің өсек сөзіне ілікті. ~ Пәлесінен аулақ! – Ілкімділеуі басын шайқады. – Шет елдің сақиналап тастаған құсы болса сөзге қалып жүрерміз. Ө.Кәр. ~ Ауылдағы той-думанда, алтыбақан басында, көл жағасындағы айлы түндерде көңіл қосқан, бір-біріне ынтыққан екі жасты сыртынан қарайлап көзге түспесе екен, сөзге қалмаса екен дейтін жеңгенің қашанда көңілі күпті, алаңдауы көп. А.Жақс. ~ Енді бұқаның енін сатып, қиянат қылған деген сөзге қалып жүрмейін. Ж.Сәм. ~ Әйелінің етегіне оралып сауыншы боп кетіпті деп кер ауыздар сөзге қалдырады. Д.Дос
