Posted in

СӨЗГЕ ҚОНАҚ БЕР

Алдымен тыңдап ал, айтқан сөзге құлақ ас д.м. ~ Жаңағы арқар…— деп мақамдап еді, қызыл өгізді шықпыртып жіберген Алшағыр іліп кетті. — Сөзге қонақ бер, әке. Келесі күні ойдағы үйінен оралған орманшы екі-үш қойшыны куә ғып, акт жасайды. М.Қаб. ~ Әй, өзің сөзге қонақ бер, тұра тұршы, – деді жарты әкім. – Не болды сонша. Қайдан шыққан жанжал? М.Мағ. ~ Жалғыз көзін жарқылдатқан қария: — Жә, қоя қой. Ауыл өзімдікі деп алға түсе бермей, сөзге қонақ бер. Сыпайы мінезі-ақ Сүкеңе күйеу баламын дейді,- деп, ұрсып тастады. М.Қаб. ~ Орынды, тауып айтқан сөзге қазақ баласының қонақ бермеген шағы аз. М.Сүн.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *