Біреудің айтқанына ынта қойды, ықыласпен тыңдады. ~ Соның философиялық мәнін жастарға айтсаң «тыңдамайды ғой, тыңдамайды» деген сөздері айқын естіліп тұрды. Баукең ол сөзге құлақ салды да, маған қарап: – Мынау сенің Дерпенің бе? – деді. Ә.Нұрш. ~ Бұл батырдың ішінде Кімдер бар да, кімдер жоқ, Жаңбыршының ұлы Телағыс, Боқсақтың бойы боз қамыс, Мұсадан туған отыз ұл, Енді Смаиыл тобаяқ, Ойлап тұрсаң о да бар. Орақтан қалған қос жетім, Қарасай, Қази бұ да бар. Байбөрі бай баласы Алпамыс батыр тағы бар. Алпамыспенен дос болған Нәсілі кәпір демесең, Қаражан батыр, бұ да бар. Осы сөзге құлақ сал, Құлағың сал да есіңе ал, Есіңе алсаң несі бар. Қаз. ерт. ( "Ақбілек қыз- Тұрғын бала") * Ақылын жанашырдың алмаушы едің, Сөзіне, сірә, құлақ салмаушы едің. М.Дул.
