Posted in

СӨЗГЕ ОРАШОЛАҚ

Тілге шебер емес. * Сөзді Тұрлыбек бастады. Қазақша жақсы сөйлей білетін адам қасындағы төрелер алдында орысша ойланып қазақша сөйлегендіктен сөзі орашолақтау, созалаңдау шығып жатыр. Ғ.Мүс. * — Жілігі татымайтын бірдеңе айтсам, қарның ашып қалар, шырағым, – деп, шал кеудесімен тұтас бұрылып маған қарады. — Сөзге орашолақ жанмын… М.Әбдіх. ~ Өзі сөзге орашолақ, сөзінен қамшысы бұрын қимылдайтын томырық Балықбайдың талғамай айта салған сөзі жас жігітке ауыр тиді. С.Бег. ~ – Жілігі татымайтын бірдеңе айтсам, қарның ашып қалар, шырағым,- деп, шал кеудесімен тұтас бұрылып маған қарады.- Сөзге орашолақ жанмын… С.Ом. ~ Аршын төс, үзілген бел, одан төмен… сілекейімді қылқ-қылқ жұтып тамсанғаным болмаса, сипаттауға менің сөзге орашолақ байқұс тілім мүлдем қауқарсыз. Т.Сәу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *