Posted in

СӨЗГЕ САРАҢ

Ойын жайып салып, ақтарыла бермейтін, сөйлей қалса да ойланып барып сөйлейтін адам туралы. ~ Көп айтпай, қысқасынан сездіретін – Балаңның мінезі бар сөзге сараң:Кетер деп «суға құлап, отқа түсіп», Қайғы жеп, менің үшін болма алаң! А.Байт. ~ Сен менің шешемді көрген жоқсың. Ол кісі сөзге сараң болатын-ды. Біреуді жек көріп тұрса да, жақсы көріп тұрса да, «мен солаймын» деп ақтарыла қоймайтын. С.Мұқ. ~ Ел ішіне аты кеткен балуан Сәкенмен де бірге жүрген болар. Иманаққа да Сәкенмен бірге талай-талай шыққан болар. Бірақ, амал қанша, мен онда Сәкен туралы сұрай алмадым. Сөзге сараң Битабар өз бетінше айтқан жоқ… С.Шайм. ~ Аз сөйлеп, көп айту деген, міне, осындай болса керек. Мұндай бақыт сөзге сараң, ойға жомарт шайырлардың ғана басына бітеді. Қ.М- Әлі. ~ Бұрыннан да сөзге сараң, тілі майда, жұмсақ мінез шешесі соңғы күндері, тек, көлеңкедей қозғалып жүргені болмаса, үндеуден, сөйлеуден мүлдем қалғандай еді. С.Ел.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *