Posted in

СӨЗДЕН ҚАЛДЫ

Үндемейтін болды, сөзге араласуды қойды. ~ Айтқанда– а… Ол өзі не ғой… Сен әйтеуір аз үй Шапыраштыдабасшы боп атқа мініп жүрсің… Жасың болса, бізден кіші… Мынау отырған ақсақал, қарасақалы алдына мені салып отыр түге… Біз сөзден қалғалы қашан. Ағайын, ашсаң – аяңда, жұмсаң – жұмырыңда болушы едік… Ж.Айм. ~ Ж а ң ы л. Бірақ тез уақытта қызмет табыла қоймады. Алғашқыда мен оны уайымдаған да жоқ едім. Бірақ күн асқан сайын сөзден қалып тұйықталып бара жатқанын байқадым. Т.Ахт. ~ Қазір сол «қайткен күнде табылуға тиісті кемшілікке» кезікпей, сіркесі су көтермей келеді. Төңірегіне кешірімшіл көзбен қарайтын манағы көңіл–күйі жоқ, сөзден қалған. М.Қаб. Сөйлеуге шамасы жоқ. ~ Көп уақыт үйде тұрмас жазы-қысы. Әкесі сөзден қалған, жасы жеткен, ЕндігіЖәмиләнің есі-дерті: Жақпақшы соны күтіп қызметпен. С.Тор. ~ Мезгілден мезгіл өткен сайын Жәмеңкенің халы ауырлап, тұқыртып әкетіп бара жатты. Сөзден қалғанына бірталай уақыт болды. М.Әу. ~ Біздің дауысымыз жаннатқа сапар шеккен адамның құлағына жетпейді. – Міне, солай, тілден қалмай – ақ, сөзден қалды. Екі апта толады, енді, – деп түсіндірді келіні. – Оқта-текте бір жауап қайтарғаны болмаса… М.Кәр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *