Айтқаны шындыққа жанасады. ~ Қыдыш. Мұғалім! Тегі, соған сіз бірдеме айтып қоймасаңыз болмас өзі, тәрізі мынаның мына сөзінің жаны бар. Нұрқан. Шақыртшы сол мұғалімді. М.Әу. ~ Шофердің бұл сөзінің жаны бар. Америка одақтасымыз соғыс кезінде көмекке берген әлгі аталған машиналар, шіркін, машина – ақ қой. Жол талғамайды. Б.Соқ. ~ Сөзіңіздің жаны бар, аға. Бұл мәселе менің де ба сымды ауыртады. Бірақ жөндеу, қайта қарау қолымнан не келмеді, келмейді де. М.Қаб.
