Ақысыз, көк тиынсыз келген, тым арзан. ~ – Ел қалай? Күйлі ме? — Шаруа күйлі. Жұт болған жоқ.. Жалғыз-ақ, налог кезінде қысылды. Мал су тегін болды ғой… Ж.Айм. * Төгілдіріп дестелеп сөйлеп-сөйлеп келіп: «Әй, маубастар, сендерге су тегін ақыл айтамын, құлақтарыңа құйып алыңдар», – дейді төндіре түсіп. Балалар жамырап қоя береді. Д.Дос. ~ Негр аралы! Газеттер Негр аралы жайында өте көп жазды, бұрын оған әлде киножұлдыз ба, әлде Америка миллионері ме, әйтеуір біреу иелік еткен десіп жатты. Әрине, көп ретте бұл аралдар су тегінге сатылады – арал сатып алуға құштар адам көп емес. А.Крис.
