Posted in

СУДАЙ (СУ) ЖАҢА

Жап-жаңа киім, бұйым; жаңалық, сөз т.т. * Алдабергенов судай жаңа костюм шалбарын, тағы басқа жаңа құсқысын киіп, үлкен жолға, Көксуға қарай кететін қара жолға шықты. С.Бақб. * Аса сезімталдықпен туындаған су жаңа сөзі қоғамдық байланыстағы жаңалыққа, жаңа хабарға, жаңа сөзге, жаңа бұйымға жаңа мәртебесін беруге, оның жаңа екенін анықтай түсуге, сендіре түсуге, су ағысы табиғатының үздіксіз лыпыл қағып жаңарып тұратын табиғи қасиетінен «су жаңа» сөзін жасаған. Ж.Баб. * Бір кезде шымылдықтың ар жағынан: — Өзің өңкей бір… Сойған түлкідей ыржалақтап күле бергеннен не шығады. Одан да ана су жаңа жігітке кезек берсеңдерші, – деген дауыс шықты. Қ.Найм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *