Салы суға кетті, сүмірейіп, сүмең қақты д.м. ~ Бекболат судан шыққан тышқанша солбырайып, сенекпен ептеп аяңдап, алақтап дәрігерлердің қасынан өтті. Ж.Айм. ~ «Ойбай-ай, осыншама қалың жұрттың таудай көріп арқа сүйеп жүрген басқармасының судан шыққан тышқандай сүмірейіп, әлдебіреудің алдына түсіп емпеңдей жөнелгені-ай». М.Қан. Суды да пересуды – жел сөз, жел буаз сөз, жел өсек.
