Posted in

СУЫҚ ҰРДЫ

Күн оқыс суытты. ~ Әншейінде күн шыға гу-гу тіршілігін бастайтын аралар қалашығы да тып-тыныш,оқыс ұрған алғашқы суықтан қорғанып ұясында жатыр-ау. О.Бөк. ~ Қазан айында нөсерден соң суық ұрды да суат қатып қалған, көршінің торпағы қиядан тайып жығылып жылымға түсіп кетсе керек, соны құтқарамын деп Серый суға қойып кеткен екен… И.Бун. Салқыны тиді, зардабы өтті. ~ Етек-жеңім далақ қақты; бұ-дағы жел өтінде қалғандықтың бір түрі-ау.Көптен маған тиіп жүр-ау бір тұмау, буындарым, сенің ісің – сырқырау. Шілдеде де суық ұрды жанымды – көңіл байғұс, сенің де іргең жыртықау. Ж.Нәж. Оқыстан соққан суықтан үсіп кетті. ~ Шаруашылық жылқыны жайлауға ерте көктемде ай-даған болатын.Сарыадырда көк– тем салқын болды, суық же-лі азынаған құралайдың сал-қыны да біраз күнге созылды. Мамыр айының басында қыл-тиып шыққан қызғалдақты түнгі суық ұрып кетті. "ЕҚ".

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *