Posted in

СҮТКЕ ТИГЕН КҮШІКТЕЙ

Өзін кінәлі сезініп, жалтаң қақты, жүні жығылды, сүмірейді. * Айдын Иванның тобында сүтке тиген күшіктей болып екі ай жүрді. Өзінен әлдеқайда күшті пысықайлар ортасында бетегеден биік, жусаннан аласа еді. С.Дос. * Су ағатын сайсаланың бәріне тор жайып шаңқылдап казак орыстың тұрысы анау. Шығыста қара бурадай шабынып қалың жоңғардың тұрысы мынау. Бәрінің ортасында өз қонысында өзі сүтке тиген күшіктей боп қазақ жүр. Ә.Нұрп. * – Тый көз жасыңды! – деді,- Мына Қанатымды бауырыңа ал. Өзіңе тапсырам, ана Көктаспаң сүтке тиген күшіктей ғып жүрмесін, Онда екі дүниеде ырза емеспін. Көкесінің сол сөзі есіне түссе ноқталы құлындай тыпыршиды. Н.Сер. ~ Қазақша білетін орысым әлгі қатынды ала көзімен атып жіберді. Сол-ақ екен, ол сүтке тиген күшіктей сүмірейіп бөлмеден шыға жөнелді. К.Қаз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *