Posted in

СҮТТЕЙ ҰЙЫДЫ

1. Жарасымды, тату-тәтті өмір сүрді. * Қойтеке неге жасын жерге шертеді? Сүттей ұйып отырған, шын сүйіскен асық жарлар Ақбілек пен Бекболат неге айырылады? Қайда шындық? Қайда әділдік? Қайда адамгершілік? Қайда құдай? Қайда қиямет? Ойланыңдар, бейуаздар! Ж.Айм. ~ — Неге өтірік болсын, кеше бәйбішелер де айтып отырды ғой, – деп Ұмсынай оған қарсы түсті. — Бетсіздігі де, сүттей ұйып отырған байын тастап… Шал деп, шалды құдай жаратпап па… Б.Майл. * Бұл Сарыөзекті басып алып, талай халықты қан жылатып, құлдыққа айдап қор қылған қатыгез жаулардың бірі еді. Найман-Ананың сүттей ұйып отырған ұясын да бұзған осылар. Ш.Айт. ~ Жұрттың сүттей ұйып отырған талай ұясын бұздың!!! Некелі жарына қол салдың!!! — Мен… ешкімнің ұясын бұзғаным жоқ! Ешкімнің әйелін зорлағаным жоқ… еркінен тыс! Желқуық ұрғашылардың өздері кінәлі! Шыбыш сүйкенбесе, теке артылмайды! С.Ел. ~ Соның ар жағында сүттей ұйып отырған колхоз еді, бүгін келсем адам шошырлық: малдарын сатып, сойып, соқа-сайманын бүлдіріп, бірсыпырасы қолхоздан шығамыз деп әлекке түсіп жатыр. Б.Майл. 2. Бар ықылысын аударды, зейін салды, әр сөзіне күмәнсіз сенді. ~ Міне, Жұмасейіт қажының діншілдігінің беті осы еді. Басқалар мұның діншілдігіне сүттей ұйып нанса да, Кәтимә бәйбіше нанған емес. Қара тоқал да солай. Бірақ бұлар да сырт көзінде қажының «діншілдігіне» зәреден кір жұқтырып көрген емес. Б.Майл.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *