Posted in

СҰҚТЫ КӨЗ

Ұнатпай, жек көре, тіміскілей, сұқтана қараған адамның көзқарасы туралы. ~ «Өлімнен ұят күшті» дейтін қазақ емес пе, той иелерінің бірі сұқты көзін қадап, сүйектен өтер сөзін безеп кетеді- ау деп қылпылдап тұр. М.Сүн. ~ Жас әйел еркектің сұқты көзін сезінді, бірақ қымсынған жоқ. Қ.Жұм. ~ — Менің күнім сен кеткенде не болатынын ойламадың ба? Жолдыбайдың жиектері қанталаған сұқты көздері қулана жылтың – жылтың етіп: — Не болушы еді? — деді. Т.Рыс. * Ал тырмыса-тырмыса биікке шыққан адамның өзі құлағаны-өлгені… Оны өзгенің сұқты көзі одан гөрі де жоғарырақ өрмелете түспекші. Ә.Кек. * Айнала сұқты көз еді, Қан жоса кебін бөз еді. Манашы, Күйкен-Ноғайлы Өз алдына-ай сөз еді. Күледі әне шұнақ таң, Құлағын күйдің бұратқан. С.Адай.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *