Сәнінен айрылды, мәні, берекесі кетті, абыржып, сасқалақтады. ~ Жанды, жансыз заттың бәрі тоңады, сұры кетіп, табиғат солады, айдай әлем жансыз өлік сықылды бо-лады. Жарқырап әсем жаз келеді. Жер жүзіне жан енеді. Жылынып, жібімеген зат қалмайды, қыбырлап, қимылдамаған зат болмайды. Қар басына қысым түседі. А.Байт. ~ Түсімде жапан түзде кезіп жүріп, Қорғансыз бір бақшаға келдім кіріп. Аяныш түсті ойыма сол арада, Қуарған ағаштардың түрін көріп. Семіпті сұры кетіп ағаштары, Көгерген жапырақ… С.Сей. ~ «Бұл не пакет, мынаны осынша абыржытқан?» -деп ойлады, урядниктің сұры кеткен, дірілдеген түсіне таңдана қараған Итбай. С.Мұқ. ~ Өмірімде тұңғыш рет барайын деп отырған қалаға менің де құр қол бара қоймасым белгілі. Сатып, пұл ететін бірдеңелерді, мүмкіндігі болғанша, мен – дағы қамдап ала бармақпын. Сосын соған мынау сұры кетіп, жұтап жүрген үсті-басымды біраз бүтіндеп, түзеп кайтсам деймін. Б.Соқ.
