Қитұрқы тұрақсыздық туралы. ~ Немене, күмәнің бар ма? – деп мен оған қарсы сұрақ қойдым. ― Кім біледі сынаптай сырғыған дүние… – деп, Жолтай тағы да сары уайымға басты. Б.Тоғ. ~ Сынаптай сырғитын кеңестік сайқал саясат «жығылғанның басында, жылағанның қасында» табылғысы келетін қашаннан бергі үйреншікті қитұрқы әдетімен. Ж.Шәк. Жылдамдық сипаты ретінде де айтылады. ~ Су жаңа көлік сынаптай сырғыды: таңғы саф ауа жағымды-ақ тынысыңды аша түседі. Т.Ор. ~ Қызғылт жиектен қалың нөпір көрінді. «Бұ не, құдай-ау?» Жәзира таңдана қарай қалды. Алыстан әлгі сынаптай сырғыған қара желмая тәрізді. М.Сүн. ~ Ең алдымен, өзгелерден оқ бойы шығандап жалқы келе жатқан жүргіншінің астындағы керген төстіктей көк қасқа шұлғып тастап, сумаң-сумаң аяңдағанда өрлі-еңіске бірдей сынаптай сырғиды. К.Сег. * Сүрініп жығылмай, сынапша сырғып өкшелеп жеткен составқа соғылмай, әр қадамыңды санап басып, я асығыс, я жаңылыс баспай, он алты шақырым сапар шегу – сіңіріңді созады. Д.Дос. Жылжып барып, көрінбей кетті д.м. ~ Сынаптай сырғыған уақытпен бірге жасы да ұлғайып, қызметі де өсіп,мәртебесі жоғарылай берді. Д.Рам. * … қаудырлаған сулығының қыртыс-қыртысына іркілген жаңбыр суы сынаптай сырғып кетіп жатқанымен де ісі жоқ. Бүгежектеп, табалдырық аузында кебісін шеше алмай, аһлады-үһледі. М.Сүн. * Орта түс. Жолдың қақ жартысы есеп. Сәл ассаң, уақыт өрмектің жүзі ауып, бірсін-бірсін еңіске қарай еңкулеген күн ғұмыр көкжиекке қарай домалай жөнелер. Сөйте-сөйте сынаптай сырғып барып, түн түнегіне сіңіп жоғалар. Ү.Жәл.
