Бұрынғы сәні сақталмаған, сиқы бұзылған д.м. * Қарашұға шалбары да (ескінің жұрнағы ғой), қоңыр пенжегі де әлі сыны кете қойған жоқ, қайырма жаға тақталы көйлегіне қара шұбар галстук те тағып қойыпты. Ж.Айм. ~ Ана тілім ғажап деп айта аламын, Жәннаттай жан балқыта жай табарым. Шырқатып ғұмыр бойы айтар әнім – Келеді толас таппай қайталағым. Тозбайды сыны кетіп, сұры қашып, Біз әлі қанған жоқпыз сырын ашып… Қазағы қадырына жеткен сайын Жайнайды, Ертеңге де нұрын шашып. М.Әлімб. ~ Өзің еккен алма ағаш мұңаяды, Өмір ай, Олар дағы қартайыпты. Жапырақты тыңдадым сыбыр еткен. Өзіңсіз бұл өмірдің сыны кеткен. Көрдім де көз жасымды тия алмадым, Сол баудағы ізіңді жүріп өткен. А.Пош.
