Жабырқау, уайымшыл. ~ Сынық көңілім көп кешер, Майда қолмен ұстасаң. Көңілге түрлі ой түсер, Әр тереңге нұсқасаң. Абай. ~ Бірақ менен кінә жоқ деп, өзімді өзім жұбаттым. Жағдай, тұрмыс, ең бастысы – сынық көңіл аяғымды тұсап, артықша мүмкіндік қалдырмағаны рас. М.Мағ. * «Осынікі де жөн-ау», – деді ішінен. Бұдан соң ол аптыққан, әлденеге қысастанып, орынсыз шаптыға берген сынық көңілін сап-сап басып, ақылға жеңдірген. О.Бөк. * Атағына дақ түсіп, сынық көңіл болып, кеуделі ауылдың әлпештеулі бойжеткені — ол отыр. Керімбектің жаңағы сөзін үндемей құп алған Абдолла бүгін өзге топ тағы бір талай әңгіменің басын шалса да сөйлемей қалды. Ж.Ахм.
