Posted in

СЫНЫҚҚА СЫЛТАУ ТАППАДЫ

Қалай тиісерін білмеді, әлдебір жөнсіз әрекетке себеп таба алмады. ~ – Ойбай-ау, төретайым-ау, сыныққа сылтау таба алмай жүрген жұрт емес пе, маңайдағы ауылдар? Солар, мына марқаның аяғы буналуын сылтау ғып, ере түре келмесін қайдан білеміз? С.Мұқ. ~ Олар да қанша үзіліп-сүзілгенімен Қамарға сөздерін тыңдата алмай, ақ болған қойдай түңіліп, ендігі бар мақсаттары: Қамарды қаралау үшін, сыныққа сылтау табу еді. С.Тор. ~ Жанжал араласса, бүліншілік болғаны ғой. Осы күні сыныққа сылтау таба алмай жүрген жұртты қалай тоқтатамыз, – деді үшінші бір әйел. Ә. Шәр. ~ Әлденеге таңырқағандай басын сипағыш- тайтын әдетімен маңдайына саусағын апарып еді, іс қа- ғаздарына қол қойғанда жұққан сия тершіген шекесіне жағылды да, сыныққа сылтау таппай отырған Нұрбике күлкісін одан әрмен үдеткен. Ө.Кәр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *