Posted in

СЫНЫҚТАН СЫЛТАУ ТАПТЫ

Жоқ жерден ілікті, жанжалға себеп тапты. ~ Баласы құрысын! Сүттей ақ махаббатты, балдан тәтті өмірді улаған баласы құрысын! Сегіз жыл бойы «сен» демеген Сәрсенбай бір жылы сөз айтудан қалды. Қит етсе, сынықтан сылтау тауып, балағаттап тастайтын болды. М.Жұм. ~ Пүшек іздесе сынықтан сылтау табу дегенің боқтан оңай емес пе, ләкпашы Темірханды қойып, «Қайырлы таң, Далай!» деп сәлем берсең, «Қазынада ақша жоқ, ойбай!» деп жауап қайырмастан теріс айналып қаша жөнелетін қаржы бөлім бастығы Далайдың өзін кеше кешке жаптырып сұраққа ала бастапты. Ш.Рах. ~ Ол ол ма, Қарамақшынның бірде қарадай қыстығып, сынықтан сылтау тапқандай жоқтан өзгеге бұлқанталқан болды. Ш.Рах.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *