Ойынан, ниетінен хабар берді. ~ Жылқы жоғалтыпты. Бөгенайынан жаңағы өзі сойған қыл құйрық екендігін сезіп, ылпылдап отырмын. Шалым үндемейді, ештеме сезбегендей сыңай танытады. Ы.Дәб. ~ Қыздар бір-біріне қарасты, сенбегендей сыңай танытты. Д.Досж. ~ Әрі айтып, бері айтып, көкем де көндіре алмай қойған. Игілікке аспай дайын жатқан дүние, – деп апайына өкпелеп жүрген сыңайын танытты. С.Ғабб. ~ Болған жайтты шүбәсіз растаған жалғыз Тобиас болды. Жанынан өтіп барып сұрай салған адамның сыңайын танытқан Хакоб қарт үйлеріне кіріп, мән-жайды кемпіріне айтып беруді өтінді. Г.Марк. ~ Ұстанғаныңды айтшы дегендегі кейпі бастар көсемнің білсем-танысам, қажетіме асырсам деген сыңайын танытып еді. К.Жүн. ~ – Түсінем, түсінем, жас сәулетші мырза, ертең менің аудиенцияма келіңіз, сағат он бірде… күтем… сыр ашып сөйлеселік сонда, – деді хай-тек үрдісінің королі өз-өзінен қысылған сыңай танытып. Д.Досж.
