Уайым-қайғысыз, алаңсыз, қамсыз жүру туралы. ~ Шекер "Сырдың суын жұлығынан келтірмей" жүрсе де, енді ойланбасқа болмады. Ж.Айм. ~ Жұртқа жағар ер жігіт қылығынан, Сілтегенім кеткен жоқ құрығымнан; Анталаған сан дұшпан қамаса да, Сырдың суы келмейді жұлығымнан. Балуан Шолақ. ~ Етіктің бөлшектері: бас, қоныш, бас пен қоныш арасы белтір, табанын – ұлтан, ұлтан мен бастың ұштасқан жерін жұлық деп атаған. «Жұлық жалаған жарымайды» деген мақалға қарағанда, оны тігу ақысы мардымсыз болғанға ұқсайды. Балуан Шолақтың: Қамалап қанша дұшпан тұрса-дағы, Келмейді Сырдың суы жұлығымнан, – дегендегі жұлық та осы. Аяқ киімнің ішіне төсейтінді «ұлтарақ» дейді. Артқы жер басатын жағы – өкше, Ұлтан мен ұлтарақ арасына қайыңның қабығынан астар жасайды. Өкшеге де солай етеді. С.Мұқ.
