Posted in

СЫРДЫҢ СУЫ СИРАҒЫНАН КЕЛМЕЙДІ

Мән бермеу; елемеу; қиындыққа санамау; менсінбеу туралы. * Батырға Сырдың суы сирағынан келмейді, Қорқаққа батпақ та кедергі, шалшық та бөгет. Б.Мом. * Жылқы атасы керқұлан, жылқы аяқты мал, арқасына бір қонсаң, аруақ жебейді, құстай ұшып, желдей есесің. Сырдың суы сол сәт сирағыңнан келмейді, ұлым. А.Кем. * Жаңбырдан қашқандар: — Той басталмай жатып мас болған мынау кім? – Сырдың суы сирағынан келмейді-ау өзінің? – деп күлісті. Ш.Мұрт. * Содан ба, тез масайып, «Сырдың суы сирағынан келмейтін» дәрежеде жүрді. Ақтотыдан басқа жан көзіне ілмеді. Қыз да кет әрі емес сияқты. Осындай үміт пен сенім үстінде ғашығына хат жазып, қардай ақ қағазға қандай қызыл сиямен жүрек сырын бүкпесіз ақтарды. З.Қыст.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *