1. Айнып кетті, қатынасын үзді, теріс қарады. ~ Дұрыс айтасың. Он бес жыл… Ендеше он бес жыл бауырына басқан адамнан бір– ақ күнде сырт айналады деп қалай ойлайсың сен?! Өй, ынжық!.. Д.Әш. ~ «Қайтеміз, тағдырдың жазуы осылай болды» деп құдалықтан қол үзіп, сырт айналып кетері әбден мүмкін еді. Қ.Жұм. ~ Ауладағы сыныптастары да өзі жұмысқа шыққалы сырт айнала береді. Қ.Түм. ~ Дүние тегіс бұлардан сырт айналып кетпепті. Марғуа әуелі соны түйсінді. Үміт оты қайта тұтанғандай. Ш.Бейс. ~ Кейін Дәлелхан орыстар мен Моңғолияның адамдарының қолына қонған. Оны біз көріп отырсақ та көпке дейін Оспан батыр: Тұра тұр, тұра тұр. Байқайық, – деумен көп уақыт сенісе алмай келдік. Ең ақырда Дәлелхан шын айрылуды талап қылған кезде, Оспан батыр Дәлелханнан бір-ақ күнде сырт айналып, оның есігін бір- ақ жапты. Ж.Шәк. ~ Сараң сөйлесіп, сырт айналып, қашқақтап тұрғанымен Болатбекті көргенде ақ жүзіне алау жүгіріп, еріксіз жымың ете қалады. С.Олж. Уақыт өтті. ~ Жоқ-ау, мен олардың тапсырмаларын орындамай жүрсем бір сәрі ғой. Бәрі тап-тұйнақтай.Міне, екі-үш жыл сырт айналды, бірде-бір графиктен кешіккен емеспін. Қ.Жиен. Арқасын берді, айналып өте шықты. ~ Шырағым, өзің біледі екенсің ғой, — деп Шәлтік бұл кісіге үңіле беріпеді, ол жылжып, сырт айналып кетті. Енді қайтып сөз сұраған жоқ. М.Әу. ~ Алуға бар да беруге жоқ ағай- ын нәсібін түзден айырған саятшыға жүз көріскенде көлгірсіп, сырт айнала бере сыртынан сырық білеп күңкілдейтіні бар. Ө.Кәр.
