Малдың аты мал, оны асыра бағалаудың жөні жоқ д.м. ~ Бұл сонда «О не дегенің, әзілім ғой. Жаныңның қысылғанын пайдаланып, жанды жеріңе жармасар қорқауың мен емес. Ғұмырымызды ортақ қызықтап жүргенде сырты түк, іші боқ қыл құйрығыңды алмаймын. Керегі жоқ» дегісі келгенмен, олай дей алмаған. К.Сег. ~ Мекендесе жүректің түбін ынсап, Керегі сол пендеге шын ұғынсақ. «Сырты түк те іші боқ» дегенменен, Түлігіңнің ішінде жылы-жұмсақ. Қ.Осп. ~ Егер дәл осылай тағы бір жеке кәрін тіксе сырты түк, іші боқ хайуан қалмас. О.Бөк. ~ -Әй, жетесіз, бері қара,-деді. Құла айғырдың, оның үйірінің мен үшін орны бөлек, қымбат болғанымен шындығына келгенде сырты түк, іші боқ малдың бірі. Оны қасқыр жеп кетсе де істейтін амалың қайсы. О.Көш. ~ Сондықтан осы бастан ашып айтайын, мен өзге құн жоқтаушылардай, ысқырса желдікі, аударса – жаудікі, іші тезек, сырты түк қыл құйрығыңа бітпеймін. Маймақ түйе, маубас қой, сасық тұмсық сиырының керегі жоқ. Ж.Ахм.
