Суық кешіп, қиындық көрді, қар жамылып, мұз жастанды. ~ Мұң-мұқтаждық қинаған безеді үміт ашынып, – күні бойы жинаған тиындары шашылып. Сол бір үміт, сезінем! Алған жанын мұз етіп, – Жас ағады көзінен, табанынан сыз өтіп. Т.Мед. ~ — Айран дейді ғой құлқын сәріден! Қазір әкең кеп ойранымызды шығарады! Төс табанынан сыз өткен жынды бурадай жынын шашып кеткен жоқ па!.. Қ.Ыс. ~ Таулы өлкесін өзгенің, Өз жеріндей даулаған. Өз жерінде аң аулап, Кісі елінде адам ғана аулаған. Тыныштығын күзеткен, Таулар қанша. Табанынан сыз өткен? Р.Нияз. ~ Табанынан сыз өткен, Кетті де қыс жөтеліп. Келді ауылға қыз – көктем, Қозы-лағын көтеріп. Қызғалдағы қаз тұрып, Көрінді ыстық қыр маған. Тырна белде шақырып, Қуы көлде жырлаған. Б.Дүй. ~ Тілсіз жауды ауыздықтаған айбынды тұлға. Тобығынан саз кешіп, табанынан сыз өтсе де, өзгенің өмірін өзінен жоғары қоятын қаһарман жан. Ерлігімен халық құрметіне ие болған маман иесі… "Atyrau TV" ~ Қойшы көзін сүйеді кеп ұйқы қыз, Өтті уақыт, ол уақыт, түлкі қыз. Самал келіп түртеді сол жігітті, Самал шытпен жанарыңды сүртіңіз. Намыстылар бірін-бірі күзетіп, Таң атырар табанынан сыз өтіп. Ж.Көксу.
