Posted in

ТАҒАТ ЕТТІ

Сабыр сақтады, байыз тапты. ~ Бекболат бір кіреді, бір шығады, тағат ете алмайды. Жылтырға әлденеше жолықты – хабар жоқ. Бірер қабат сұрады. Сұрай беруге де ұялады. Ж.Айм. ~ Осында "богу" деген сөзді қазақ көп қолданатын "құдай", "тәңір", "жасаған" немесе "алла" деген ұғымдармен айтса да болатындай. Бірақ Лермонтов "Пустыня внемлет богу" деген сөйлемінде сахараны мінәжат, тағат етіп тұрған күйде алған. Абай сол сезімді "мүлгіп" деген қазақ сөзімен тамаша тауып аударған. М.Әу.~ Жыл бойы қолы қышып, зорға тағат етіп келген қалың әскер бұдан арғыға шыдай алмай, қамалға лап қойды. Ә.Кек. ~ Өзге біреу алдына түсіп кетсе одан озғанша тағат етпейді. Т.Ахт. ~ Тағат етіп тұруға дәрмен қайда, Аттың, басын сол жаққа бұрды баба. М.Мақ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *