Posted in

ТАЗА ЖҮРЕК

Адал, ақ ниет. ~ Белинский айтқан екен: «Қиялдан шыққан махаббат таза жүректен шыққан махаббаттан ауыр, жаман болады. Қиял махаббаты жүрекке түссе, ауыр тас түскен секілді, қозғалтпайды, жанышады, улайды деп. Сол рас па деймін. Сарғаю, күйіну, – жүрек қатты ауырады». Ж.Айм. ~ Альбом – жүрек, жақын достар қолға алар, Таза жүрек оны оқып толғанар. «Мен жазайын, мен оқимын!» – деп алып, Надан жастар кетпес қара тап салар. М.Жұм. ~ Оқуға сусап Россиядан Мединеге барған шәкірттерді һәм олардың, таза көңілмен медресе ашамыз деулерін теріс демейміз. Бұларға көмек беруге уағда еткен қажыларды да сөкпейміз. М.Дул.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *