Ешкім қалыс қалған жоқ. * Қызылжар жақсылап қарсы алды ғой. Тайлы-таяғы қалмай шығарып та салды. С. Шайм. * Ал, көптен бері ұмтылған жаңа жер, жаңа егіс, жаңа сабанның бастапқы желі кішкене артельді тұтасымен аяғынан тік тұрғызды – бірінші күні тайлы-таяғы қалмай бәрі қырға шыққан-ды. Х.Есен. * Қайран, баяғы күндер-ай!.. Қай ауылға лаққы келгенін есітсе, тайлы-таяғы қалмай жүгіретін еді. З.Шүк. * Басынан бақайшағына дейін былғары киіп, өңірінен былғары иісі аңқыған, кексе де болса көркем, жігіт атасының соңынан калымщиктердің тайлы-тұяғы қалмай өре жүгірді. Қ.Ысқ. * … келер аптада бас қосып, өз алдарына жеке шаңырақ көтереді, бүткіл совхоз тайлы-тұяғы қалмай комсомол тойы ретінде ырғалып-жырғалып, дүрілдетіп өткізбек. М.Қаб. * Ардақтысынан айырылған ашынған халық тайлы-тайлағы қалмай бандыларға қарсы тегіс аттанғанда, олар тоз-тоз болып, біразы төмендеп екі жылдан соң Шұбарбайталдан табылады. Б.Қыд.
