Posted in

ТАҚИЯҢА ТАР КЕЛДІ МЕ

Менсінбей, қомсынып, олқысынып отырмысың д.м. ~ Немене, тақияңа тар келіп отыр ма,- деді үй иесіне алара қарап. – Сені әжептәуір кісі деп жүрсем… Әйтпесе, итім лағып па? Қ.Найм. ~ Ең болмаса өз халқымыздан біреуді неге қоймайды? Небір сен тұр, мен атайын азаматтар жүрген жоқ па ел тұтқасын ұстап. Солар тақиясына тар келді ме? Т.Сәу. ~ Артық дәулет бас жара ма. Қайта бірнеше айда төлдегені төлдеп, арықтан өлген, мәрт-шәрт болған малыңның орнын толтыра асып-төгіліп шыға келеді. Сонсоң жоспарын жүзден жүз процент орындаған дін аман табын жетекшісі, сен бай, сен құдай, сен саңлақ, сен депутат болып шыға келесің. Тақияңатар келе ме?!» – деді. Ш.Рах.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *